Атырау, 5 желтоқсан 11:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда қыз «ұрлау» пранкі үшін үш жігітке айыппұл салынды

498 рет қаралды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша үш азамат — Ж., Ғ. және Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 14 қазанда сағат 15:10 шамасында Атырау қаласындағы кафелердің бірінің алдында Ж., Ғ. және Д. қоғамдық орын тәртібін бұзып, қызды айқай-шумен көлікке күштеп отырғызып, бейнежазба түсіру мақсатында айналадағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Бұл әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік хаттамалар, фотосуреттер, бейнежазбалар және басқа да материалдар арқылы толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес, кінәлілерге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, 20–60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5–10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Сот шешімімен Ж., Ғ. және Д. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі таңда сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

23 қазан, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.