Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ЕО елдері РФ дипломаттарынан елге кіруге рұқсат сұрай алады

350 рет қаралды
Сурет: picture alliance/ТАСС

Еуропалық Одаққа мүше елдер енді Шенген аймағына кіретін басқа мемлекетте аккредиттелген Ресей дипломаттарынан және олардың отбасы мүшелерінен өз аумағына кіру үшін алдын ала рұқсат талап ете алады, деп хабарлайды INTERFAX.

Бұл туралы бейсенбі күні «ЕО-ның ресми журналында» жарияланған құжатта айтылған.

Құжатта: «Бұл шешімге сәйкес, қалаған мүше мемлекеттер басқа ел берген виза немесе тұруға рұқсат негізінде өз аумағына кіруге алдын ала рұқсат талап ете алады», – делінген.

Сонымен қатар, енді РФ дипломаттары ЕО ішінде қозғалған кезде алдын ала хабарлама беруі тиіс.

Құжатта атап өтілгендей: «Шенген аймағы шегінде және аккредитация берілген елден басқа мүше мемлекетке барған жағдайда, шешім ресейлік дипломаттар мен консулдық қызметкерлерге, сондай-ақ әкімшілік-техникалық немесе қызмет көрсету персоналына және олардың отбасы мүшелеріне алдын ала хабарлау тетігін енгізеді».

23 қазан, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.