Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспары бар

481 рет қаралды

Елімізде жылына 10 миллион тонна мұнай өңдей алатын төртінші зауыттың құрылысы жоспарланып отыр. Энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше өңірді, соның ішінде Маңғыстау облысын да қарастырып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.

Құжатқа сәйкес, жоба бірнеше кезеңмен іске асырылады:

  • 2028–2030 жылдары – техникалық-экономикалық негіздеме (pre-FEED) әзірленеді;
  • 2030–2032 жылдары – жобалық-сметалық құжаттар дайындалады;
  • 2032–2040 жылдары – зауыттың құрылысы жүргізіледі.

Болашақ кәсіпорын көмірсутек шикізатын терең өңдеуге және ТС-1/Jet A-1 санатындағы авиациялық отын өндіруге бағытталмақ.

Бүгінде Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл зауыттарды жаңғыртудан кейін авиаотын өндірісі жылына 300 мың тоннадан 633 мың тоннаға дейін артқан. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 744 мың тоннаға жетеді деп болжанып отыр.

23 қазан, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.