
Аудан орталығы Аққыстау ауылында «Ұстаздар саябағы» салтанатты түрде ашылды. Лентаны сала ардагерлері қиып, іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегенов пен ауыл тұрғындары қатысты.
Жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын саябақтың құрылысы тамыз айында басталып, қазан айында аяқталған. Жобаны жүзеге асырумен «СК» жеке кәсіпкерлігі айналысқанын Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ерболат Мақашов атап өтті.
Саябақта тұрғындар демалуы үшін орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылған, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл демалыс орны ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың символы болмақ.
В Атырау +4 

