Атырау, 5 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ІІМ Ақтөбе облысындағы жол апатын тергеу үшін арнайы топ жіберді

263 рет қаралды

Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды polisia.kz.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ әуе бортымен жөнелтілді.

Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алғанын мәлімдеді. Министрдің тапсырмасына сәйкес жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетін болады, оның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру да қамтылған.

ІІМ ресми өкілі, департамент бастығы Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, барлық қажетті шаралар жедел тергеу жүргізу және рәсімдерді орындау үшін қабылданатын болады.

23 қазан, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.