Атырау, 16 наурыз 13:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Мас күйінде көлік басқарған Астана тұрғыны сотталды

350 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Астана қаласында бұрын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын қайтадан мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасына себеп болды.

Hyundai Starex автокөлігін басқарған жүргізуші Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келген.

Сот үкімі бойынша жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілген.

Астана қаласы прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ масаң күйдегі адамның көлік басқаруына жол бергендерге өмір бойына кейбір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғанын ескертеді.

23 қазан 2025, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.