Атырау, 5 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Жасанды интеллект – өңірдің болашағы»: Серік Шәпкенов стратегиялық басымдықты атады

Сурет
266 рет қаралды

Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің VI пленумы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер сөз болды.

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов жасанды интеллекттің экономикалық өсімге серпін беретін стратегиялық құрал екеніне назар аударды.

– Жасанды интеллектіні дамыту – тек технология саласын жетілдіру емес, бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін маңызды бағыт. Әлемдік тәжірибе бұл технологияның әртүрлі салада тиімді екенін көрсетті. Сол себепті инновациялық шешімдерді өңір дамуының басым бағытына айналдыру – басты мақсатымыз, – деді аймақ басшысы.

Пленум барысында облыста атқарылып жатқан цифрлық жобалар таныстырылды. Геопортал іске қосылып, оның көмегімен 53 мыңнан астам электронды қызмет көрсетілген. Бұл жүйе жер қатынастары мен инженерлік инфрақұрылым салаларындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға ықпал етуде.

«Target-E» компаниясымен бірлесіп жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізілген. Қала аумағында орнатылған 75 AI камерасының мәліметтері арқылы талдау жүргізіледі. Жалпы облыс бойынша 61 мыңнан астам бейнебақылау құрылғысы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласында радиологиялық жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. Ол өкпе және сүт безі обырын ерте кезеңде, тіпті 1 миллиметр шамасындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе PACS платформасымен біріктіріліп, 20 медициналық мекемеде қолданысқа енгізілді. Бұл диагностиканың сапасын айтарлықтай жақсартты.

Жиын қорытындысында Серік Шәпкенов облыстың дамуына әрі жастарды тәрбиелеуге үлес қосқан ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

23 қазан, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.