Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Атырауда ағартушы Құсиын Айтқалиұлының 95 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Бейнежазба
245 рет қаралды

Атырауда ұлт руханияты мен педагогика тарихында өшпес із қалдырған көрнекті ағартушы Құсиын Айтқалиұлының туғанына 95 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, басқосуға еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық педагог қатысты. Олардың 100-і онлайн форматта баяндама жасап, білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы іс-шара жоғары деңгейде өтті және педагогтар үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды деп атап өтті. .

- Конференцияға өңірдің барлық ауданы мен қаласынан, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан мұғалімдер белсене қатысты. Олар Құсиын Айтқалиұлының еңбектерін кеңінен талқылап, білім мен тәрбие мәселелерін ортаға салды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес біз конференция аясында жасанды интеллект тақырыбы бойынша арнайы секция ұйымдастырылды, - деді ол. 

Жиын барысында қатысушылардың ғылыми баяндамалары тыңдалып, үздік жұмыстар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар конференция материалдары жинақ түрінде жарық көрмек.

22 қазан, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.