
Атырау әкімдігі қаладағы көлік қозғалысында уақытша өзгерістер болатыны туралы хабарлады.
22 қазан күні сағат 16:00-ден бастап орташа жөндеу жұмыстарына байланысты картада көрсетілген аумақ, Әбілқайырхан даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады.

Қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді, жаңартылған бағыттар қосымша картада көрсетілген.
Қала басшылығы тұрғындар мен қонақтардан уақытша қолайсыздық туындауына байланысты түсіністік танытуды сұрайды.
В Атырау +4 

