Атырау, 23 қараша 19:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сирияның химиялық қаруын жоюға 1 млрд доллар қажет

2 095 просмотра

Сирия президенті Башар Асад Fox News телеарнасына берген сұхбатында Сирия химиялық қаруын жоятынын мәлімдеді. Бұл үшін Сирия басқа шарттар ұсынбайды, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

Сирия басшысының айтуына қарағанда, Сирияның химиялық қаруын толық жою үшін 1 млрд доллар қажет. Оны жоюға бір жыл жеткілікті екен.

Б. Асад Сирия өз химиялық қаруын қабылдап алуға «жүрексінбейтін» елге бере саламыз, деп отыр. Ол тағы да үкіметтің Дамаск маңындағы кентте 21 тамыз күні химиялық шабуыл жасамады деп мәлімдеді. Сондай-ақ тығырықтан шығудың дипломатиялық жолын ұсынған Ресйеге алғыс білдірген.

Сирия президенті қажет болса елге БҰҰ-ның сарапшыларын қайта келуіне рұқсат беретіндігін атап өтті. Ол өздері тарапынан көтерілісшілердің шабуылды ұйымдастырғанын дәлелдейтін барлық айғақтарды ресейлік елшілерге бергенін айта кетті.

Сирияда қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан басталған. Әзір қақтығыстан 100 мың адам зардап шеккен. Елдегі жағдай тамыз айының соңында 350 адам химиялық қарудан зардап шеккен соң ушығып кеткен болатын.

Бұдан кейін халықаралық қауымдастық Сирия сабасына түсіруді, оған қарсы шабыл жасауды ұсынды. Алайда әскери операция жайы АҚШ пен РФ Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға алу туралы келісімге келген соң күн тәртібінен алынып тасталды.

Дереккөз: bnews.kz

19 қыркүйек 2013, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.