
Индер ауданының Жарсуат ауылдық округіне қарасты Кетебай, Қызылжар және Ақтан елді мекендерінде жоғары жылдамдықты интернет желісі іске қосылды.
Енді тұрғындар сапалы байланыс қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудан орталығынан алыс орналасқан Кетебай ауылында интернеттің қолжетімді болуы жергілікті халық үшін үлкен қуанышқа айналды.
- Ауыл тұрғындары енді мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады, қашықтан білім алу мүмкіндігіне ие болып, түрлі цифрлық сервистерді пайдалана алады, – дейді Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының бөлім басшысы Аманат Табылдиев.
Бұл елді мекендерде 37 үйде шамамен 160 адам тұрады. Мамандардың айтуынша, жобаның іске асырылуы ауылдардың әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етеді.
В Атырау +4