Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Орынбор ГӨЗ Қарашығанақтан газ қабылдай бастады

236 рет қаралды
Ашық дерекөзден алынған сурет

Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) шикізат қабылдау қайта басталғанын хабарлады. Қарашығанақ кен орнында 19 қазандағы зауытқа жасалған шабуылға дейінгі қалыпты өндіріс көлеміне кезең-кезеңімен оралу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады lsm.kz.

Министрлік уақытша тоқтау мен өндіріс көлемін түзету ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге әсер етпегенін атап өтті: Қазақстан тұтынушылары алдындағы барлық міндеттемелер толық орындалған және орындалуын жалғастыруда.

Сондай-ақ, ведомство Қарашығанақта Қазақстанның өз газ өңдеу зауытын салу жобасының басымдыққа ие екенін еске салды. Бұл жобаны іске асыру «ҚазМұнайГаз» компаниясына тапсырылған. Қазіргі таңда жобаның қатысушыларымен болашақ зауытты кен орнының қолданыстағы инфрақұрылымына техникалық тұрғыдан қосу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұған дейін салада Eni мен Shell компанияларының жобадағы үлесін қысқарту мүмкіндігі талқыланған болатын. Билік ұлттық компанияларға басымдық бере отырып, балама тетіктерді қарастыруда.

22 қазан, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.