Атырау, 5 желтоқсан 11:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында жолаушылар көлігі және жолдар басқармасына жаңа басшы келді

313 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Әсет Самарханұлы Оразғалиев тағайындалды.

Әсет Оразғалиев Атырау облысы Индер ауданындағы Есбол ауылында дүниеге келген. Ол жоғары білімді, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, ал 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған. Мамандығы – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы қорғаныс.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған Әсет Оразғалиев өртке қарсы қызмет органдарында және құрылыс саласындағы кәсіпорындарда қызмет атқарған. 2009 жылдан бері оның қызметі облыстың жол саласымен байланысты. Ол бас маман, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары сияқты лауазымдарда еңбек еткен, сондай-ақ “ҚазАвтоЖол” АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары болған.

Соңғы қызметі – Индер ауданы әкімінің орынбасары. Енді ол облыстағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарады.

22 қазан, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.