Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Еуропа Трамптың майдан шебіндегі атысты тоқтатуға шақырған үндеуін қолдады

425 рет қаралды

Еуропа елдері мен Украина президенті бірлескен мәлімдеме жасады, деп жазады Bild.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің, Германия канцлері Фридрих Мерцтің, Франция президенті Эмманюэль Макронның, сондай-ақ Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінің премьер-министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде былай делінген:

«Біз президент Трамптың ұрыс қимылдары дереу тоқтатылуы керек және қазіргі қақтығыс желісі келіссөздер үшін бастапқы нүкте болуы керек деген ұстанымын қолдаймыз. Біз халықаралық шекараларды күшпен өзгертуге болмайды деген қағидаға адалмыз».

Қол қоюшылар Путин бітімге келуге дайын болғанша Ресей экономикасы мен қорғаныс өнеркәсібіне қысымды күшейту керектігін де мәлімдеді.

21 қазан, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.