Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталады: жоспарлы ма, әлде жоспардан тыс па?

381 рет қаралды

«Теңіз кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталады», – деді ҚР Энергетика министрі, деп хабарлайды Energy Monitor.

Егер министр бұл туралы айтпаса, біз Теңіздегі жөндеу жұмыстары туралы білмейтін едік. Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, қазан айының алғашқы 19 күнінде Теңіздегі мұнай өндіру көлемі қыркүйекке қарағанда шамамен 27%-ға қысқарған – тәулігіне 963,8 мың баррельден 700 мың баррельге дейін төмендеген.

Бұрын «Теңізшевройл» компаниясы жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмейтінін хабарлаған еді. Алайда, көрініп тұрғандай, «жоспардан тыс» жөндеу жұмыстары болған.

ҚМГ деректері бойынша, 2025 жылы Теңіздегі мұнай өндіру болжамы 35,7 млн тонна болуы тиіс.

21 қазан, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.