
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының хабарлауынша, 23 қазан күні қаладағы бірнеше ауданда табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.
Бұл шара асфальт жол салу және жол төсемін көтеру жұмыстарына байланысты жүзеге асырылады. Газ құбыры жер үстінен жер астына ауыстырылып жатыр. Бұл әкімдіктің бағдарламасы аясында қауіпсіз әрі тұрақты газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
Газ беру уақытша тоқтатылатын аудандар:
- «Химик», «Рыбник», «Судоремонтник», «Теміржолшылар», «Зарослый».
В Атырау +4