Атырау, 5 желтоқсан 07:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Николя Саркози жеке камерада жазасын өтейді

318 рет қаралды
©Matthieu Mirville / Starface / Keystone Press Agency / Global Look Press

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози түрмеге қамалуы барысында жеке камерада отырады. Бұл туралы Meduza BFM TV өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Санте түрмесінде «қорғалатын тұлғаларға» арналған арнайы бөлімше бар. Теориялық тұрғыдан 70 жастағы Саркози өз жасы мен танымалдылығына байланысты сол бөлімде отыруы мүмкін еді, бірақ ол жеке камераға жіберіледі.

Бұған дейін белгілі болғандай, Саркози жазасын 21 қазаннан бастап өтей бастайды.

Париж қылмыстық соты 25 қыркүйекте Саркозиді Муаммар Каддафидің үкіметінен өз сайлау науқанының заңсыз қаржыландырылуы ісі бойынша бес жылға соттауға шешім қабылдады. Ол Францияның бұрынғы президенттері арасынан нақты түрме жазасын алған алғашқы тұлға болды.

Саркозидің қорғаушылары сот шешіміне аппеляция берді, бірақ сот «шешімді дереу орындау» туралы шешім қабылдады. Яғни, бұрынғы президент аппеляция қаралмай тұрып жазасын өтеуді бастайды.

21 қазан, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.