Атырау, 5 желтоқсан 07:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израиль Газаны атқылады

263 рет қаралды

Израиль армиясы атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Газа секторындағы бірнеше аудандарға әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды АА.

Бейбіт тұрғындар арасында 34 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Шабуылдар Зевайде қаласындағы «Twix» кафесі маңында, Нусейрат босқындар лагеріндегі мектеп пен клуб маңында, Бурейдж лагеріндегі тұрғын үйлерге, Бейт-Лахиядағы аурухана маңына және Хан-Юнус қаласының шығысындағы Эсда ауданындағы шатырға бағытталған.

Израиль тарапы шабуылдарды ХАМАС қозғалысының атысты тоқтату режимін бұзуымен байланыстырса, ХАМАС өз кезегінде барлық келісімдерді сақтап отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Израиль үкіметі Газа секторына гуманитарлық көмекті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

20 қазан, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.