Атырау, 20 сәуір 03:34
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

2 264 просмотра

Қапшағайда өткен жарыс

Қапшағайдағы «Heaven Club» демалық аймағында «ҚазТрансГаз Аймақ» бөлімшелерінің спартакиадасы болып өтті.

Жарыстардың қорытынды-сында 1-орынды Атырау ӨФ-тің командасы жеңіп алды. Екінші орынға оралдықтар, үшінші орынға ақтөбеліктер табан тіреді. Атырау командасының құрамынан келесілер көзге түсті: 1-орын – Кәмшат Елешова (800 метрлік кросс); Абзал Жүсіпов (1600 метрлік кросс); Танагүл Ахметова,Рауана Қойшығалиева, Жанна Даутова, Жадыра Берікова, Әлия Сармұханова, Айнұр Беркалиева (волейболдан әйелдер командасы); 3-орын - Ермұхан Молдабеков (жүзу), Ирина Каденцева (үстел теннисі). Мини-футболда атыраулықтар бесінші болды, алайда қақпашы Сәкен Қалымбетов пен шабуылшы Дәурен Ниязов (5 гол) спартакиаданың үздік ойыншылары атанды.

«ҚазТрансГаз аймақ» Атырау ӨФ ұжымы Елдар Бағытжанұлы Тағашқа команданың спартакиадаға бару сапарын ұйымдастырғаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.

***

 

Мейірлан Бразилияға барады

Семей қаласында болған кикбоксингтен республикалық турнир 2-БЖСМ үшін сәтті өтті.

Жарыстарға қатысқан атыраулық файтерлердің әр төртіншісі қоржынға жүлде салды: «күміс» - Мейірлан Әсет (71 келіге дейін), «қола» - Ерболат Оңаев (51 келіге дейін), Азамат Мұратов (54 келіге дейін) және Аллаберген Қайса (66 келіге дейін). М.Әсет қыркүйек айында Бразилияда өтетін әлем чемпионатына баратын жолдаманы жеңіп алды. Спортшыларды С. Қасанғалиев, Р. Қисметов, Е. Сахипов және Д. Жүсіпов дайындады.

***

 

Жас палуандар турнирі

Дене тәрбиесін және спортты дамыту өңірлік орталығының қолдауымен «Жас батыр» спорт залында 1989-2000 ж.т. мектеп және колледж оқушылары арасында қазақ күресінен облыстық біріншілік өтті.

Жарысқа Исатай, Индер, Құрманғазы аудандарының, сондай-ақ, 1-БЖСМ және 1-МОРБЖСМ командаларынан барлығы 70 жас палуан қатысты. Өз салмақтарында Азамат Құрмашев (Атырау), Еркебұлан Қуанғалиев (Аққыстау), Ерболат Серіков (Аққыстау), Асыланбек Төлеуұлы (Атырау), Ернеғали Хадимов (Атырау), Нұрғиса Кеңес (Атырау) және Қадыр Төлепов (Аққыстау) жеңімпаз атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.