
Атырауда белгісіз біреулер «Вечная память» деген жазу қашалған мемориал қабырғасына қорлайтын сөз жазып кеткен.
Бұл орын қала тұрғындары үшін ерекше маңызды. Бұл жерде майданда қаза тапқан жерлестердің есімі мәңгілікке жазылған. Мұндай жазбаның пайда болуы атыраулықтардың ашу-ызасы мен өкінішін тудырды.
«Бұл жай ғана бұзақылық емес, тарихқа және қаза болғандардың рухына деген құрметсіздік», — дейді саябаққа келуші тұрғындар.
Коммуналдық қызметтердің мәліметінше, жазу жақын арада боялып өшіріледі, ал кінәлілерді анықтау үшін бақылау камераларының жазбалары тексеріледі.
Қала тұрғындары кінәлілер жауапқа тартылып, мұндай оқиғалар қайталанбас деп үміттенеді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3