
Атырау облысында жолдардың қысқы маусымға дайындығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы күтіміне дайындық деңгейін анықтау мақсатында қорытынды тексеріс жүргізілді. Тексеріс жұмыстары Атырау облысы полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Атырау облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жауапты "ҚажСервис" ЖШС мекемесінің қысқы маусымға әзірлігі бағаланды.
Тексеру мына негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
- – арнайы жол-техникаларының дайындығы;
- – көктайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры;
- – жол бойындағы жылыту пунктерінің техникалық жай-күйі.
В Атырау +3