Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Мақат ауданында облыстық шахмат турнирі басталды

Сурет
277 рет қаралды

Мақат ауданында аудан әкімдігі мен Атырау облыстық Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «Makat Open — 2025» шахмат турнирінің ашылуы өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Ғ.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық Шахмат федерациясының ұжымына, төрешілер мен бапкерлерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ АОФ атқарушы директоры Назгүл Мұрзағалиева мен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Тәжімұратов жарыстың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, турнир салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты дамыту және олардың шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 6-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ 15 жастан асқан спортшылар қатысуда.

18 қазан, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.