Атырау, 26 қараша 06:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Емхананы ауыстырамыз

1 500 просмотра

Қазақстанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс жасап келе жатқанына үшінші жыл болды. Оның принциптерінің бірі – емхананы еркін таңдау құқығы. Дегенмен де емханаларда осы уақыт бойына тіркелген жерді көрсетуді талап еткен еді. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның Атырау облыстық филиалындағылар хабарлағандай, енді емханалар үшін тіркелім құжаты қажет емес.

Биыл емханаларға бекіту жөніндегі науқан 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Бекітілу үшін өзіңізбен бірге жеке бас куәлігі және есептен шығару талоны (егер емхананы өзгертсеңіз) болу керек. Халыққа қолайлы болу үшін электронды үкіметтің (www.egov.kz сайты) көмегімен емханаға бекітілу (және есептен шығару) қарастырылған.

Егер пациент өзі бекітілген емхананың немесе Отбасылық денсаулық сақтау орталығының қызметіне қанағаттанса, медицина мекемесі оны өздігінен келесі жылға қызмет көрсетуге бекітеді.

Тек жылына бір реттен жиі емес, бір емханаға немесе дәрігерлік амбулаторияға ғана бекітіледі. Мекен-жай өзгерген немесе емхана, дәрігерлік амбулатория қайта құрылғанда немесе таратылғанда азаматтарды бекіту науқаннан тыс та жүзеге асырылуы мүмкін.

Ал, біз анықтағандай, егер пациент емханаға ресми бекітілген аумақтан тысқары тұрса, дәрігер пациенттің үйіне бара ма деген маңызды мәселелердің бірі шешусіз қалып отыр. Бұрын «таңдау еркіндігі» деп жар салғанына қарамастан, емханалар тек аумақтық белгісі бойынша ғана үйге шақырулар қабылдайтын.

Өкінішке орай, әзірге бәрі бұрынғыша қалады екен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.