Атырау, 4 қазан 07:08
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Үзілген теңіз саяхаты

2 873 просмотра

13 қыркүйекте Каспий теңізінде Атырау шекара отряды әскерилерінің, әскери прокуратура, су және балық инспекциясы қызметкерлерінің біріккен рейді барысында ішінде бес Қазақстан азаматы, браконьерлер болса керек, бар екі моторлы қайық ұсталды.

Шекара отрядының командирі Бауыржан АБСАМАТОВТЫҢ (суретте) айтуынша,сол күні қызметтік-әскери іс-әрекеттер жоспарына сәйкес, МИ-8 тікұшағымен Атырау-Қаратон-Прорва-Атырау маршруты бойынша барлау ұшуы ұйымдастырылды. Ақтау шекара отрядының Қаражанбас заставасы учаскесінде рейдке қатысушылар ішінде 6 адам, үш аспалы мотор бар байданы байқады.

Шекарашылардың тоқта деген талабына қайықтағылар мән бермеді. Байда тек ескерту оқ атылғаннан кейін ғана тоқтады. Ұсталғандар өздерін Қазақстан азаматтарымыз деп таныстырғанмен, оны айғақтайтын еш құжаттары болмады. Қайық ішінен браконьерлік құралдары мен балық табылмады. Осыдан сәл кейін Ремонтная Шалыга учаскесінде тағы да осындай «бос» бір аспалы моторлы қайық ұсталды. Бортта 2 адам болды. Олар да өздерін Қазақстан азаматымыз деп таныстырды.

Ұсталғандар мен олардың жүзу құралдары шақыру бойынша келіп жеткен жаға күзеті өңірлік басқармасының катері экипажына тапсырылды. Бұл адамдар ашық теңізде не істеп жүр? Тергеуді Ақтау шекара отрядының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.