Атырау, 26 қараша 06:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қосатар мен «Маузер»

1 651 просмотра

Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру акциясының алғашқы онкүндігінде халықтың белсенділігі жоғары болды.

ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы Талғат УСИЕВТЫҢ айтуынша, 43 бірлік қару тапсырылған. Бұлар - негізінен, аңшының тегіс ұңғылы мылтығы. Жаңалары да, «атадан» қалғандары да бар. Алайда жиналған қару-жарақтардың ішіндегі ерекшесі – барлық механизмі жасап тұрған «Маузер» тапаншасы. Қазір ол комиссияның қарауында, олар қарудың құнын бағалайды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды құжаттары ресімделмеген қаруларын тапсыруға шақыруды жалғастыруда. Өйткені акция кезінде оған ақша төлесе, шара біткеннен кейін тапсырылмаған қарулардың иелері айыппұл салудан бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалары бар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Айта кетсек, 2013 жылдың басынан бері Атырау облысында заңсыз қару сақтағаны үшін 20 адамға айыппұл салынған.

Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды тапсырғысы келген адамдар кез келген полиция бөліміне өтініш жазуы керек. Өтініште өзі туралы деректер, қару саны, маркасы, калибрі және нөмір белгісі көрсетіледі. Сатып алған жері міндетті түрде жазылуы керек.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.