Атырау, 27 шілде 04:28
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Аудан жаңалықтары

1 446 просмотра

Ұрылар қолға түсті

Құлсары қаласында алтын бұйымдарын тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Жылыой аудандық ІІБ бастығы Руслан АДИЛОВ хабарлағандай, Қызылорда облысынан келген 23 және 28жастағы екі жігіт Құлсарыдағы бірнеше үй мен пәтерлерден 35 дана алтын бұйым тонаған. ҚР ҚК 175-бабы бойынша («Тонау») қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде. Тергеу барысы ұрылардың тағы алты қылмыстық іске қатысы барын анықтап отыр.

***

 

«Дала күні» өтті

Махамбет ауданында алғаш рет дала еңбеккерлеріне арналған «Дала күні» мерекесі атап өтілді.

Махамбет ауданының таңдалып алынуының сыры бар, өйткені израильдық тамшылатып суару әдісі мұнда жақсы дамыған. Былтыр тамшылатып суару әдісі 265 гектарға қолданылса, биыл 517 гектарға жеткен. Аудандағы іргелі «Феликс» ШҚ өткізген шараға облыс көлемінен ғана емес, Ресейден де шаруалар мен мамандар қатысқан. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшығы Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, семинар-кеңесте шаруашылық жұмыстары екшеленіп қана қоймай, тәжірибе де алмасылған.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.