Атырау, 5 желтоқсан 13:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қызылордада «Қарашалаң балық» зауыты ашылды

305 рет қаралды

Қызылорда облысында «Қарашалаң балық» балық өңдеу зауыты іске қосылды. Аталған шара Арал мемлекеттік балық шаруашылығының 100 жылдығын мерекелеу аясында өтіп, өңірдегі балық өнеркәсібін жаңғыртудағы маңызды қадамға айналды.

Арал ауданында орналасқан өндірістік кешен жылына 6 000 тонна балық өнімін өңдеуге қабілетті. Зауыт заманауи жабдықтармен жарақтандырылған, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған. Жобаға жалпы 430 млн теңге инвестиция салынған. Негізгі өнім — судак филесі (көксерке еті), ол Германия, Дания және Норвегияға экспортталады.

«Қарашалаң балық» зауытының ашылуы өңірдің балық шаруашылығын дамытумен қатар, Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі кәсіпті жандандыруға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үлес қосады.

14 қазан, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.