Атырау, 31 наурыз 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Махамбет Досмұхамбетов – «ЕМГ» бас директоры

3 539 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Жұмабек ЖАМАУОВ онымен жасалған келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директоры лауазымынан босатылды.

- «ЕмбіМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің құрамына акционерлік қоғамның бас директоры етіп тағайындау мақсатында 1960 жылы туылған Махамбет Жолдасқалиұлы ДОСМҰХАМБЕТОВ енгізілді, - деп хабарлады мұнай компаниясының баспасөз қызметі.

М.Досмұхамбетов Атырау облысының тумасы, Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, әр жылдары «МақатМұнайГаз» және «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-лерінде бас геолог боп еңбек еткен. Ол осы лауазымға келмес бұрын «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қыркүйек 2013, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.