
2025–2026 жылғы қысқы маусымға дайындық жұмыстары шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарлары үшін мал азығын дайындау белсенді жүріп жатыр.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда дайындалған азық көлемі:
* Шөп – 24,9 млн тонна (жоспардың 101,5%)
* Пішендеме – 1,9 млн тонна (112,5%)
* Құрама жем – 3,2 млн тонна (56,8%)
* Сабан – 2 млн тонна (97%)
* Сүрлем – 4,1 млн тонна (88,6%)
Ең белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125%) жүргізілсе, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында (100%) жоспар орындалған.
Дайындалған мал азығының көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басын сақтауға мүмкіндік береді.
Жалпы, республиканың мал азығымен қамтамасыз ету деңгейі тұрақты.
В Атырау +3