Атырау, 27 желтоқсан 00:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Олар хабар-ошарсыз кеткен жоқ

2 075 просмотра

Ұлы Отан соғысында Харьков түбінде жерленген жүз қазақстандық жауынгер өз есімдеріне ие болды. Қаза болғаннан 60 жыл өткеннен кейін ғана ұрпақтары олардың аттарынан «хабар-ошарсыз кеткен» деген жапсырмасын ала алды.

Бүгінде жерлесіміз Әділғали БАЙМЫРЗА және Харьковтегі қазақ жерлестігінің жетекшісі Макка ҚАРАЖАНОВА сияқты азаматтардың арқасында олардың есімдері ресми құжаттарға енгізіліп, мәңгілікке сақталды.

Мұның барлығы Баймырзаның соғыста қаза болған атасының жерленген жерін тапсам деген арманынан басталып еді. Әділғали өз атасының бейітін Харьков облысының Большие Бабки селосынан тапты. Алайда іздестіру жұмыстары кезінде ол осы жерлерді азат етуге 81-атқыштар дивизиясының құрамында айқастарға қатысқан басқа да қазақ жауынгерлері (украиндық іздеушілер Қазақ ССР-інен шақырылған барлық жауынгерлерді осылай атайды) туралы қат-қат мәліметтер тапты. Үлкен бауырлар мәйітханасына жерленгендердің көп бөлігі Новобогат ауданынан (қазіргі Исатай) шақырылған жерлестеріміз екен, алайда олардың есімдері мен тектері танымастай қате жазылған. Дәл осы себептермен украиндықтар жауынгерлер туралы деректерді ресми құжаттарға тіркеп, олардың аты-жөндерін қабір басындағы мемориалды тақталарға жаза алмаған. Харьковтегі қазақ жерлестігі көптеген жылдар бойы қаза болғандардың туыстарын табуға әрекет етіп, еріктілер арқылы біздің әскери комиссариаттарға да шыққан, алайда Баймырзамен мүдделері сәйкес келгенше бұл істе еш алға жылжи алмады. Большие Бабки, Перковка және Хотомля селолары маңында қаза болған солдаттардың үш тізіміндегі 100 есімді түзеу бойынша бас көтермей жұмыстанған ол осы жауынгерлер есімдерін нақтылауға туыстары көмектесу үшін біздің газетімізге тізімдерді жариялауға өтініш білдірді. Біздің бірталай материалдарымыз осы тақырыпқа арналды («Ол Харьков түбінде қаза болды»; «Бір дерегің болар ма екен есіл ер...»; «Бұл біздің жауынгерлер!»; «Іздеу жалғаса береді» жарияланымдарын қараңыз). Осылайша ол қаза болған қазақстандықтардың атын түзеуге көмектесіп, біздің жарияланымдар арқылы туыстарын тапты, ал олардың кейбірі Украинаға барып, аталарының басына бас иіп қайтты.

- Екі жылдан кейін біз бұл мәселеге нүкте қоямыз деген сөзімізді ұстадық және бұл істі аяғына дейін жеткіздік. Сіздердің газеттеріңізде жарияланған барлық жүз есім расталып, тақтаға жазылды, - дейді ризалықпен Баймырза. – 23 тамызда, Украинаның азат етілгеніне 70 жыл толу күніне орай, Большая Бабкидегі кері жасалған ескерткіш қайта ашылды. Жерленгендердің тізімі толықтырылды. Олардың 44-і - Гурьев облысынан шақырылған жауынгерлер. Перковка мен Хотомля селоларындағы ескерткіштер сол жердегі аудандардың қайырымдылық қорлары арқылы жаңартылған еді, ал ең көп жауынгерлер жерленген Большие Бабкидегі ескерткіш қалпына келтіруді бұрыннан қажет еткен, алайда қаражат табылмаған. Тізіммен жұмыс жасап жатқан кезімде маған осы жерде жерленген қазақтардың бірі, Бірінші кавалериялық дивизияның кавалерисі Қасымбай БАКЕШОВТЫҢ туыстары хабарласты. Көптен іздестіріп жүрген аталарының Большие Бабки селосында жерленгеніне көзі жеткен олар ескерткіштің қатты бұзылғанын, ал қазақстандықтардың есімдері ескерткіш тақтасына ілінбегенін білгеннен кейін, украиндықтарға көмек беруді жөн деп тапты. Оралда тұратын немересі Бақтыберген ҚАСЫМБАЕВ барлық жөндеу шығындарын өз мойнына алды.

Украинаға ескерткіштің ашылуына кавалеристің үлкен отбасы түгелге жуық барды. Осы жерде қаза болғандарды еске алуға село тұрғындары, әкімшілік, ардагерлер, украиндық депутаттар, іздеушілер қатысты. Ал Қасымбаевтар нағыз қазақтарға тән жомарттық танытып, ет асып, бауырсаққа толы үлкен дастархан жайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.