Атырау, 20 сәуір 08:02
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Іздеу жалғаса береді

4 233 просмотра

Ол өз әулетінің алдындағы борышын өтеді: ардагер атасының бейітін іздеп тауып, дұғасын оқыды. Көп жылдың еншісіндегі істің соңына нүкте қойылды.

- Нүкте дейсіз бе? Ол не дегеніңіз, бұл тек істің басы ғана.

Әділғали БаймырзаӘділғали БАЙМЫРЗА өзін енді басқа да жүздеген ақсақалдардың, яғни, өз туысқанын іздестіру кезінде біздің облысымыздан соғысқа аттанып, өзге елдің топырағы бұйырған қазақ жауынгерлерінің алдында борыштымын деп есептейді.

ЕР ЕСIМI - ЕЛ ЕСIНДЕ

Жақында ғана ол Украинадан қайтып оралды. Ондағы бауырластар зиратындағы ескерткіш тақтаға тағы да төрт адамның есімі жазылған мұсылмандардың айшық белгісі салынған шағын мәрмәр тақта қосылған екен. Сондай-ақ, тақтаға түсініксіз украин тілінде: «Ер есімі - ел есінде» деп жазылған. Дәл сол күні Большая Бабка селосында бірінші рет Қазақстанның ән ұраны қалықтап, аспанға оқ атылды. «Із-түссіз жоғалғандардың» онының ішінен біздің төрт жерлесіміз өз есімдеріне ие болды: 1942 жылы мамырда Харьков түбінде қиян-кескі шайқаста қаза болған  202 атқыштар полкінің 81-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері Бекенқожа АЙДАРҒОЖИЕВ, Өтеш ҚАРАБАСОВ, Қойшан ТОҚАБАСОВ, Қабды АХМЕТОВ.

- Біз құжаттарға қатысты мәселелерді ұзақ реттедік, ақыры мамыр айының аяғында Чугуевский әскери комиссариатына ұзақ уақыт хат жазысудың барысында мәңгі есте қалдыру туралы істі шештік. Бізге өзіміздің  облыстық, қалалық әскери комиссариаттар қолдау танытты. Украиндықтар мемориалдық тақтаны орнатуға ақша жоқ екендігін түсіндіріп, кешірім сұрады, бірақ, әзірге келіп, жәй ғана тағзым етуге болатындығын айтты. Сол уақыт шамасында Большая Бабкада жерленгендердің тізімі сіздің газеттеріңізге жарияланғаннан кейін тізімдегі үш жауынгердің туысқандары хабарласты. Біз өзара кеңесіп, өз аталарымыздың есімі жазылған тақтаны өзіміз орнататын болып шештік. Жауынгерлердің есімін орыс тілінде жазу тиіс болғанымен, бізге өз ана тілімізде жазуға рұқсат берді.

Жалпы біз украиндықтарға жауынгерлердің зиратын ұқыпты ұстап отырғандары мен іздестіру жұмыстарын тоқтатпай, бізге  түсіністікпен қарағандарына өте ризамыз. Олар соғысты еске түсіріп, қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, құрмет көрсетеді. Кездесуді лайықты ұйымдастырды. Бұл жыл сайынғы селоны қорғаған жауынгерлерді еске алу күні болды, барлығы өте салтанатты, үлкен құрметпен өтті және оның барлығының  шын көңілмен өтіп жатқандығы сезілді, - деп еске алады Әділғали. – Бізді Қазақстан әскери атташесінің көмекшісі майор Дамир ДАРБЕКОВ бастап жүрді. Сондай-ақ, «Бірлік» қазақстандықтар жерлестігінің жетекшісі Макка ҚАРАЖАНОВАҒА,  Кеңес офицерлері одағына алғысымды білдіргім келеді.

 

ТАҒЫ ДА 8 ЖАУЫНГЕР АНЫҚТАЛДЫ

Украиндық іздеушілер Большая Бабка селосының ауданында ондаған, тіпті, жүздеген түрлі ұлт жауынгерлері жерленген деп жорамалдайды. 81 атқыштар дивизиясының құрамы көп ұлтты болған, олардың қатарында қазақтар, башқұрттар мен осетиндер бар... Ондағы қазақтардың көпшілігі Батыс Қазақстаннан, әскерге Гурьев, Орал, Ақтөбе облыстарынан шақырылған. 

- Олар бізге бір ғана тізім емес, екі тізімді салып жіберген еді, егер естеріңізде болса, екінші тізімдегі қазақтар Харьков түбіндегі Перковка селосында жерленген болатын. Онда жерленгендердің бірінің немересі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН және менің балам бар, бәріміз бірге Перковкаға барып, оның атасына да дұғамызды оқыдық. Тамыз айында Харьковты азат етудің 69 жылдығына орай салтанатты рәсім өткізіледі деп жоспарланып отыр. Ол және басқа да осы тізім бойынша өз туысқандарын тапқан бірнеше атыраулықтар сонда барады.

 Олар үшін ештеңені рәсімдеудің қажеттілігі жоқ. Тек туысқандарын тауып, тақталарын орнату ғана. Қазір мен осы тақтаны орнату үшін қаржы көздерін іздестірумен айналысудамын.

 

ҒАЛАМТОР КЕҢЕС БЕРДІ

Баймырзаның да барша жұрт секілді негізгі жұмысы бар, тіпті, осы кездесудің өзіне біз барынша ұзақ уақыт жүріп қол жеткіздік. Ол кездейсоқ іздестіруші болып атанды, алайда, бұл оның өмірлік ісіне айналған секілді. Дегенмен, онымен тек жұмыстан бос уақытында ғана айналысады, ал, оның өзі көп емес қой. Сол себепті адамдардың өзіне түсіністікпен қарауын сұрайды,

- Кейбіреулері таңғажайып нәрсені күтеді, қолымнан келмей жатса, маған ренжиді. Алайда, мен де сендер секілдімін, менің қолымдағы құралдар – монитор мен тінтуір ғана. Егер өзің қатты қаласаң, ғажайыптың өзі болады. Туысқандары маған хабарласқан Қуаныш МЕҢДІБАЕВПЕН (оған арналған мақала «АЖ» - ның  өткен санында, «Сталинградтан соңғы хабар») солай болды. Мен іздестіру бағанына оның мәліметтерін түрлі қателермен беріп көрдім. Өйткені, қазақ есімдері мен фамилиялар дерекқорға түрліше бұрмаланып берілген, кездейсоқ қайта басылған. «Ы» әрпінің орнына «а» әрпін салып жазғанымда, Мендабаев болып шықты (менің өзім бұлай балады деп ойлағаным жоқ!), бәрі алақанға салып бергендей жарқырап шыға келді – қай жерде қайтыс болды, қайда жерленді...

 

БЕЙМӘЛІМ ЖАНДАР ӘЛІ ДЕ БАР

Оған қоңырау шалады, жазады, ал оның онсыз да әлі іздейтін адамдары бар:

– Большая Бабка деген қызықты атауды село бір кездері сол жерлерде тұрған сымбатты тәуіп бір әйелдің арқасында алған көрінеді. Ол әйелге жан-жақтан сенім артып көптеген адамдар келетін болған, оны іздеген жұрт үлкен әжейге (большой бабке) барамыз  деген көрінеді. Содан осылай аталып кеткен. Осынау ұлтарақтай ғана жер үшін біздің аталарымыз бен әкелеріміз, бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасты – село алты рет қолдан-қолға көшкен. 1943 жылы Большая Бабка толығымен азат етілді. Мұндағы бауырластар зиратында сол кездегі қыршыннан қиылған 423 жауынгер жер жастанған, олардың ішінде түрлі ұлт өкілдері бар, олардың ішіндегі 83-нің есімдері біздің ата-бабаларымыз болып шықты, бізге әлі де анықтайтын жауынгерлер бар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1939 жылғы жүргізілген санақ бойынша, Қазақстан халқы 6,2 млн адамды құрады. Соғыс жылдарында әскер қатарында 1 196 164 қазақстандық болды. 1916 жылғы патшалық тәжірибені қолданған сталинизм  Қазақстан мен Орта Азияның байырғы халқы және Қазақ КСР-нан жұмылдырылған 700-ден аса адамнан еңбек армиясы мен арнаулы құрылыс бөлімдерін құрды. Республикада тіпті, шамамен 1,5 млн  халықты орналастыру есебімен алғанда майданға және қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың жұмылдыру пайызы өте жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне республика тұрғынының әрбір төртіншісі жіберіліп отырды.

27 маусым 2012, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.