Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жаңа үлгідегі ​Қазақстан азаматының паспорты: жобаның статусы

Бейнежазба
452 рет қаралды

Қазақстан азаматтарының төлқұжатының жаңа дизайны әзірленіп жатырғаны туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Е.Кариннің айтуынша, қолданыстағы төлқұжаттың дизайны айналымда 17 жыл болды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің жетекші дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының сарапшылары төлқұжаттың визуалды безендірілуіне арналған негізгі тәсілдерді айқындады. Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен жаңа бағыттар ескерілді: минималистік стиль, визалық беттердегі фондық суреттер, қолдан жасалуына қарсы жаңа қорғаныс элементтері. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әралуандығын және көрікті жерлерін бейнелейтін жаңа дизайн тұжырымдамасы дайындалды. 

Келесі кезең — сынақ үлгісін (макетін) дайындау. Бұл процесс көпсатылы баспа және қорғаныс технологияларын қолдануды қажет ететіндіктен, бірнеше ай уақыт алады, дейді мемлекеттік хатшы.

"Жаңа дизайндағы төлқұжаттың енгізілуі ескі төлқұжаттарды жаппай ауыстыруды білдірмейді. Жаңа төлқұжаттар азаматтардың құжатының жарамдылық мерзімі аяқталғанда, бүлінген жағдайда немесе жеке қалауымен ғана беріледі. Сонымен қатар жаңа үлгідегі төлқұжаттың құны өзгермейді", - деп нақтылады мемлекеттік хатшы.

Бүгін Ерлан Қарин Банкнот фабрикасының мамандарымен бірге жаңа дизайндағы төлқұжаттың цифрлық макетін әзірлеу және өндіріс процесінің техникалық аспектілерін талқылады.


9 қазан, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.