Атырау, 5 желтоқсан 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Тұншықтыр, мойнын сындыр»: Яна Легкодимованың өліміне қатысты айыпталушылар бір-біріне не жазған

894 рет қаралды
Яна Легкодимова

Атырау сотында 23 жасар қала тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру ісі қаралуда. Айыпталушылар қатарында Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов отыр. Сотта прокурор олардың жазысқан хаттарын оқып берді. Осы хабарламалар арқылы тергеу қылмыстың қалай дайындалып, жасалғанын анықтаған.

Хатқа сүйенсек, қылмыс алдын ала жоспарланған және салқынқандылықпен талқыланған. Олар әңгіме арасында донер, сыра және кешкі жоспарлары жайлы да сөйлескен.

«Іс бітсін, содан кейін сыра ішеміз», — деп жазған бір күдікті.

«Буындыр, мойнын сындыр», — деп жауап берген екіншісі.

Олар «денені қайда тастау керек» және «барлығын ізсіз қалай жасауға болады» дегенді талқылаған.

«Сүйегі қалады, ештеңе жанбайды», — деп жазған олардың бірі.

«Мен бәрібір бұған мән бермедім. Сыра жақсы», — деп кейін қосқан.

Қылмыс жасағаннан кейін, денеден құтылған соң, олар сыра мен виски ішкен. Хаттарда қорқыныш та, өкініш те жоқ. Тек қысқа тіркестер, күнделікті әңгімелер және көңілді эмоджилер ғана бар.

Сот дерегінше, Ризуан Янаны көлікте тұншықтырған, Алтынбек есікті ұстап, шығып кетпеуін қадағалаған. Содан кейін олар денені Талдыкөл бағытына алып барып, Жайық өзеніне тастаған. Қыздың сүйегін өзеннен бір жыл бойы іздеп, тек биыл маусымда табылды.

Яна туралы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

9 қазан, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.