Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Абай облысында «Семей орманы» 200 млн теңге салықты төлемеген

223 рет қаралды
Фото: freepik.com

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ 2024 жыл бойынша Салық кодексінің талаптарын бұза отырып, салық жөніндегі мәліметтерді толық көлемде жібермегені белгілі болды, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.

Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына ұсынуға міндетті.

Нәтижесінде бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салықтық берешек толық көлемде өтелді.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы жұмысын жалғастырады.

       

9 қазан, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.