Атырау, 22 наурыз 01:28
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Украина ЕО-мен әріптестік келісімі жобасын бекітті

1 341 просмотра
18 қыркүйекте Украина үкіметі Еуропа Одағымен әріптестік келісімі жобасын бекітті. Үкіметтің баспасөз қызметі құжаттың 18 қыркүйек күні бекітілгенін растады. 

ЕО-ның Украинадағы делегациясының басшысы Ян Томбинский Киевте журналистерге келісім жобасын бекіту Украина үкіметінің "маңызды қадамы" болғанын, енді қарашада болатын Вильнюс саммитінде келісімге қол қойылса, оның Украина және ЕО азаматтарының бірлескен жеңісіне айналатынын айтқан.  

Ал Украина коммунистік партиясының жетекшілері Орталық сайлау комиссиясының партияның Украинаның Кеден Одағына кіруі жөніндегі референдум өткізу ұсынысын қабылдамай тастағанына наразы. Олар комиссия шешіміне қарсы шағым түсірсек. 

Мәскеу Киевтің ЕО-мен әріптес болғанын қаламайды. Сол үшін Украинаға қысым жасап келеді. Кремль бұл елдің Ресей, Қазақстан, Беларусь бірігіп құрған Кеден Одағына кіргенін қалайды.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
18 қыркүйек 2013, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.