Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан жолдарында жаңа таңба пайда болды

274 рет қаралды

Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Көкшетау - Атбасар» автомобиль жолының 52-54, 65 және 76 шақырымдарында жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын авариялық-қауіпті учаскелерде каркасты жол таңбалары салынды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. 

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, атап айтқанда күрт бұрылыстар мен вираждар орналасқан учаскелерде көлік қозғалысын реттеу. Мұндай аймақтарда түнгі уақытта немесе ауа райы қолайсыз болған жағдайда жүргізушілерге жол бағытын анық көру қиынға соғады.

Каркасты жол таңбалары жоғары шағылыстырғыш қасиетке ие және жүргізушілерге жолдың бағытын анық көруге, қозғалыс траекториясын сақтауға, сондай-ақ қауіпті аймақтарда маневр жасау кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстарының бірі. Компания жол бойында жарықтандыру жүйелерін орнату, қоршаулар мен белгілерді жаңарту, интеллектуалды ескерту технологияларын енгізу арқылы жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруды жалғастыруда.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды, қауіпті аймақтарда аса мұқият болуды және күзгі-қысқы маусымда қозғалыс кезінде абай болуды сұрайды.

9 қазан, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.