Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Аида Әбікеева Қазақстанға екінші мәрте әлем чемпионы атағын әкелді

268 рет қаралды

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Әйелдер арасында 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аида Әбікеева 2025 жылы екінші рет әлем чемпионы атанды.

Olympic.kz сайтына берген сұқбатында Аида жарыстың есте қалған сәттерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті:

«Бір жылда екі дүркін әлем чемпионы болу – мен үшін үлкен мақтаныш. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қарағанды облысынан қыздар арасында бұрын екі дүркін әлем чемпионы болмаған, сондықтан мен екі бірдей чемпионатты жеңіп алған бірінші спортшымын», – деді Әбікеева.

Ол Сербиядағы жарысты мысалға келтіре отырып, қатысушы елдер саны аз болса да, Ливерпульде өткен World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті деп бағалады: «Әртүрлі елден мықты спортшылар жиналды».

Сонымен қатар, жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтті: «Әлеуметтік желілерде күн сайын хабарламалар келіп отырды. Ливерпульге 150-ден астам жанкүйер арнайы келіп, жарыстың алғашқы күнінен соңына дейін қолдау көрсетті. Мұндай қолдау бізді шынымен жігерлендіреді».

9 қазан, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.