
Сенаттағы брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, қазіргі таңда 126 мың қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Қазинформ.
Қай елдерде қазақстандықтар еңбек етуде:
- Ресей — 102 мың
- Оңтүстік Корея — 15 мың
- Ұлыбритания және ЕО елдері — 2 мың.
Ертаевтың сөзінше, негізгі мәселе – бірқатар мемлекетпен еңбек келісімдерінің болмауы.
«Барлық елдермен мұндай келісімдер жасалмаған. Еуроодақ елдерімен келісімдер жасау жоспарымызда бар. Миграциялық саясат тұжырымдамасында (34-тармақ) азаматтарымыз жиі жұмысқа кететін барлық бағыттарды қамту көзделген», – деді ол.
Министрліктің мәліметінше, келісімдер базасын кеңейту еңбек миграциясын заңды әрі қорғалған етуге мүмкіндік береді. Яғни еңбек шарттарының стандарттары, медициналық сақтандыру және жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктері қамтамасыз етіледі.
В Атырау +3