Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Астана-Павлодар автобанында жөндеу жұыстары басталды

264 рет қаралды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автомобиль жолының 230-254 шақырым аралығындағы Шідерті кенті маңында жүргізілетін орташа жөндеу жұмыстарына дайындық басталғанын хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарын орындау мақсатында мердігер ұйыммен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта мердігер тарапынан жол-құрылыс материалдарын дайындау, инертті компоненттерді жеткізу, сондай-ақ асфальтбетон зауытын орнату және іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары 2026 жылы қолайлы ауа райы жағдайы қалыптасқаннан кейін басталатын болады.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 8 қазанынан бастап мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жол жамылғысындағы шұңқырларды жою және ақауларды түзету жұмыстарын жүргізеді. Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік қозғалысының жайлылығын арттыруға бағытталған.

Учаске бойында жылдамдықты шектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы ескерту белгілері орнатылды.

9 қазан, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.