Атырау, 5 желтоқсан 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қаза тапты

284 рет қаралды

Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде 7 қазанда қайғылы оқиға орын алып, мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, трагедия техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған.

«Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.

ҰҚК барлық оқиға жағдайларын анықтап жатқанын және тергеу нәтижесінде тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

«ҰҚК Шекара қызметі қаза болған сарбаздың туыстары мен жақындарына терең көңіл айтады», — деп қосылды ведомство хабарламасында.

8 қазан, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.