Бұл туралы шешім Ресейге қашып кеткен Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алынған мәліметтерді жариялау кезінде туындаған тыңшылық жанжалмен байланысты шығарылды. Осы мәліметтерге сәйкес, ҰҚА Д.Руссерффтің телефон әңгімелерін тыңдап, электрондық поштасын бақылап отырған, сонымен қатар Petroleo Brasileiro (Petrobras) Бразилия мемлекеттік мұнай компаниясының басқан ізін аңдыған.
АҚШ Президенті Барак Обама болған жағдайдың мән-жайын анықтауға уәде берді. Перзидент әкімшілігінде хабарлағандай, 2013 жылдың 16 қыркүйегінде Б.Обаманың бастамасымен екі мемлекет басшысы телефон арқылы аталған жанжалға қатысты сөйлескен.
«Президент Д.Руссерффтің аталған мәліметтерге байланысты АҚШ-тың барлау қызметтері жасаған тыңшылығына алаңдаушылық білдіретінін жақсы түсінеді және оған өкініш білдіреді», - деп айтылған Ақ үйдің мәлімдемесінде. - Ол екі ел арасындағы ынтымақтастығына нұқсан келтірген мәселені Президент Д.Руссерффпен бірлесе шешуге дайын екенін жеткізді».
Президент Б.Обаманың сөзіне сілтеме жасап, Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни: «Жұмыс сапарын кейінге қалдыру туралы шешім бірлесе қабылданғанын» хабарлады. Оның жеке пікірінше, АҚШ үшін Бразилиямен қарым-қатынас өте маңызды екенін айтты.
Бразилия Үкіметі өз кезегінде Д.Руссерффтің АҚШ-қа ресми сапары жуық арада, яғни аталған мәселе «тиісті түрде шешімін тапқаннан кейін» болатынына сенім білдірді.
Дереккөз: ҚазАқпарат