
Жамбыл облысында табиғатты қорғау прокурорлары шетелдік инвестордың құқықтарын қорғады
Жамбыл облысының прокуратурасы шетелдік инвестор «Джон Бан МеталлПром» ЖШС компаниясына қатысты әкімшілік айыппұл мөлшерін қайта қарау бойынша әрекет жасады.
Экология департаментінің қаулысымен компанияға ластаушы заттардың нормативтерін асырғаны үшін 34,5 млн теңге айыппұл салынған, алайда бұзушылық кезеңі нақты көрсетілмеген. Прокуратураның наразылығы негізінде сот айыппұл мөлшерін төрт есеге төмендетіп, 8,6 млн теңгеге жеткізді.
Айта кетейік, кәсіпорын қытайлық компанияға тиесілі және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен жасалған модельдік келісімшарт негізінде инвестициялық жобаны жүзеге асырып отыр. Жоба металлургиялық өндірістен шыққан мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеуді көздейді. Жобаның инвестиция көлемі 6,5 млрд теңге, 50 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
В Атырау +3