
«Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында қызметінен кететінін хабарлады.
Дегенмен, ол компаниямен байланысын сақтап, Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.
Питер Фостердің орнына қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел* тағайындалатын болады.
Ибрахим Жанлыел 2003 жылдан бері Air Astana тобының құрамында жұмыс істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтер атқарған, ал 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры.
«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов Питер Фостерге компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның компанияны Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына айналдырудағы үлесін атап өтті.
В Атырау +3