Атырау, 26 мамыр 02:31
 дождьВ Атырау +25.2
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

Банкомат арқылы 500 мың теңгеден көп салғанда жіберушінің ЖСН-і сұралады

428 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қазақстанда банкомат арқылы картаға ақша салу ережелері қатаңдайды. Енді 500 мың теңгеден жоғары сома салынса, міндетті түрде жіберушінің ЖСН-ін көрсету қажет болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов айтты.

Оның сөзінше, қазір қолданылып жатқан шараларға қарамастан, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шешу көлемі азаймай тұр. Себебі жіберуші мен алушыны нақты анықтамай-ақ аударым жасау мүмкіндігі бар. Көп жағдайда «өзгенің атына» ашылған карталар пайдаланылады.

Не өзгереді:

  • картаға 500 мың теңгеден артық сома салынса, жіберушінің ЖСН-і көрсетілуі тиіс;
  • операцияны қосымша мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау тетігі қарастырылып жатыр;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтағы бейнежазбаларды кемінде 180 күн сақтауға міндетті болады;
  • бет-әлпетті немесе саусақ ізін танитын биометриялық жүйе енгізу де талқылануда.

ҚМА бұл шаралар күмәнді аударымдарға қатысқан адамдарды анықтауды жеңілдетіп, ақша жымқыру мен заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

7 қазан 2025, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.