Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жаңа кадрлық өзгеріс болды

315 рет қаралды

Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жаңа кадрлық өзгеріс болды. 

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарған Қаныш Төлеушин ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін және Массачусетс технологиялық институтын (MIT) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2004–2005 жылдары «Темірбанк» АҚ филиалының маманы, кейіннен бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2006–2007 жылдары – «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда-экономикалық талдау департаментінің бас сарапшысы. 2007–2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инновациялық саясат басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан 2011 жылға дейін Президент Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2011–2013 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2013 жылдан 2016 жылға дейін – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры. 2016–2017 жылдары «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарды. 2018 жылдан 2023 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.


7 қазан, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.