Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Көлсайда шомылуға тыйым салынған, ал Дуровқа ше?

288 рет қаралды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көлінде шомылып жатқан видеосын жариялады.

Астанада өткен Digital Bridge форумына қатысқаннан кейін ол Алматы мен өңірдің табиғатын тамашалауға барған. Бұған дейін Дуров мұздай суға түскен сәттерін де көрсеткен, сондықтан таулы көлдің суына шомылу оған таңсық емес.

Алайда «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын аумаққа жатады. Оның ережесінде көлде шомылуға қатаң тыйым салынған. Енді мемлекеттік органдардың қандай реакция білдіретінін күтеміз, сондай-ақ президенттің «Заң және Тәртіп» қағидасы шын мәнінде орындала ма, деген сұрақ туындайды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ


7 қазан, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.