Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Елімізде онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

204 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазақстандық танымал блогерлер жеңіл ақша табу үшін онлайн-құмар ойындарды ашық жарнамалап, халықты соған тартып жүр. 

Қаржы мониторингі агенттігі төраға орынбасары Қайрат Бижанов үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа қатерлер туралы айтты.

«Қазір 37 адам анықталды, оның 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбі мұны білмей жасаған жоқ, керісінше заңды жиі бұзуды әдетке айналдырған. Құмар ойын жарнамалауға байланысты нақты жауапкершіліктің жоқтығы мәселені ушықтырып отыр. Сондықтан біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», – деді Қайрат Бижанов.
7 қазан, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.