Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БҚО-да "беде жапырағы" әдісімен екі деңгейлі көлік айрығы салынып жатыр​

Бейнежазба
245 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-36 шақырым аралығында ауқымды қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның маңызды элементтерінің бірі - "беде жапырағы" әдісімен екі деңгейлі көлік айрығының құрылысы. 

Бұл инфрақұрылымдық нысан KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында (Сырым бақылау-өткізу пункті маңында) орналасқан және жаңа KZ07-04 «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының (Ақсай бағытындағы бақылау-өткізу пунктіне дейін) I кезеңінің бастау нүктесі болмақ.

Нысанның негізгі сипаттамалары:

- айрық құрамындағы жол өтпесінің ұзындығы - 63,373 м;
- нормативтік жүктеме - А14, НК-120, НК-180;
- құрылыстың жауапкершілік деңгейі - II (қалыпты);
- жағалаулық тіреуіштердің түрі - табиғи топырақта орналасқан тіреу діңгектер.

Бұл жоба жол қауіпсіздігін арттырып, оның өткізу қабілетін жақсартады. Көршілес өңірлермен көлік байланысын жеңілдетіп, Батыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуына септігін тигізбек.


7 қазан, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.