
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысқан онлайн-кеңестің бейнежазбасы тарады. Кадрларда қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ретінде таныстырылған адам өзіне бағынышты қызметкерді дөрекі түрде сөгіп тастайды, деп хабарлайды Tengrinews.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ішкі жиналыс 2025 жылғы 9 маусымда өткенін растады.
"Жиналыс барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тарапынан этикалық нормалар сақталмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - деді министрлік өкілі.
Осы оқиғаға байланысты қандай шара алынғаны тексеру нәтижесінде белгілі болады деп хабарлады ведомство өкілдері.
В Атырау +3