Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтаның мемориалдық қабырғаға қатысы жоқ

292 рет қаралды

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі «Ұлттық жады қабырғасында» Салтанат Нүкенованың аты жазылған тақтаның орналасқаны туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таралған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлады.

2020 жылдан бастап Қостанай облысы Амангелді ауылында меценаттың бастамасымен көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күні кешен аумағында пирамида, «Аль-Гамбра» кафесі, «Бразилия» қонақ үйі, Эйфель мұнарасының, Нью-Йорктегі «Бостандық мүсінінің», Мексикадағы Майя өркениетінің Чичен-Ица пирамидасының көшірмелері, балаларға арналған спорт алаңшалары және өзге де нысандар салынған.

Туристік хаб аумағында «Ұлттық жады қабырғасы» атты мемориалдық қабырға орналасқан. Онда тарихи тұлғалардың есімдері жазылған 296 ескерткіш тақта орнатылған. Аталған мемориалдық қабырға 2024 жылғы 23 мамырда монументалды өнер нысандарын орнату жөніндегі республикалық комиссиямен келісілген. Қазіргі уақытта мемориалдық қабырға жергілікті атқарушы органның балансына берілген.

Сонымен қатар, меценаттың жеке бастамасымен туристік кешен аумағындағы («Ұлттық жады қабырғасына» қатысы жоқ) жеке меншік қайырымдылық қорына тиесілі жабық нысандардың бірінде тарихи тұлғалар мен оқиғалардың атаулары жазылған бірнеше ондаған тақта орнатылған. Сол тақталардың қатарында Салтанат Нүкенова есімі жазылған тақта да бар. Бұл тақталар тек меценаттың жеке бастамасымен қойылған.

6 қазан, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.